РУС ҚАЗ
Сенің тамағың – сенің күшің

Септолете® тотал соруға арналған таблеткалар

 

Септолете® тотал соруға арналған таблеткалар

белсенді заттар: 3 мг бензидамин гидрохлориді, 1,05 мг цетилпиридиний хлоридінің моногидраты (1 мг цетилпиридиний хлоридіне баламалы)

Бензидамин гидрохлориді қабынуға қарсы және ауыруды басатын қасиеттері бар химиялық құрылымы стероидты емес молекуланы білдіреді. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезі тежелуімен, сол арқылы жергілікті қабыну белгілерінің төмендеуімен (ауыру, қызару, ісіну, күйдіру сияқты) байланысты. Бензидамин гидрохлоридінің орташа жергілікті анестетикалық әсері бар.

Цетилпиридиний хлориді - аммонийдің төрттік қосылысы тобының антисептигі, микробтарға қарсы, зеңдерге қарсы және вирулицидті әсер етеді. Цетилпиридиний хлориді грамоң бактерияларға қатысты белсенді және грамтеріс бактерияларға қатысты белсенділігі аз, демек, антисептикалық және бактерицидтік әсер білдіреді. Аурудың жеңілдей бастауы (тамақтағы ауыруды сезінудің және тамақтағы ісінудің төмендеуі) қабылдағаннан кейін 15 минуттан соң байқалған және әсер ету ұзақтығы 3 сағатқа дейін созылғаны байқалған.

Қолданылуы

Ересектерге тамақтағы, ауыз қуысы мен қызыл иектегі тітіркену кезінде, гингивит, фарингит, ларингит және тонзиллит кезінде, тісті жұлғанға дейін және одан кейін қабынуға қарсы, ауыруды басатын және антисептикалық дәрі ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Соруға арналған таблеткаларды әрбір 3 - 6 сағат сайын ауызда баяу сору керек.

Ересектерге күніне 3-4 таблетка
Егде жастағы пациенттерге ұсынылатын дозасы ересек пациенттерге арналған дозамен бірдей
Балаларға қолдануға болмайды

Ұсынылған дозадан асырмау керек. Септолете® тотал соруға арналған таблеткаларын 7 күн бойы пайдалануға болады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді заттарға немесе кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (өйткені құрамында иозмальт (М типі), Е953 бар)

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Септолете® тотал
Krka, d. d.

Барлық құқықтар қорғалған. Krka, tovarna zdravil, d. d., Novo mesto