РУС ҚАЗ
Сенің тамағың – сенің күшің

Септолете® тотал жергілікті қолдануға арналған спрей

 

Септолете® тотал жергілікті қолдануға арналған спрей

белсенді заттар: 1,5 мг бензидамин гидрохлориді,5 мг цетилпиридиний хлориді (цетилпиридиний хлоридінің моногидраты түрінде)

Бензидамин гидрохлориді қабынуға қарсы және ауыруды басатын қасиеттері бар химиялық құрылымы стероидты емес молекуланы білдіреді. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезі тежелуімен, сол арқылы жергілікті қабыну белгілерінің төмендеуімен (ауыру, қызару, ісіну, күйдіру сияқты) байланысты. Бензидамин гидрохлоридінің орташа жергілікті анестетикалық әсері бар.

Цетилпиридиний хлориді - аммонийдің төрттік қосылысы тобының антисептигі, микробтарға қарсы, зеңдерге қарсы және вирулицидті әсер етеді. Цетилпиридиний хлориді грамоң бактерияларға қатысты белсенді және грамтеріс бактерияларға қатысты белсенділігі аз, демек, антисептикалық және бактерицидтік әсер білдіреді.

Қолданылуы

Септолете® тотал спрейі гингивит, фарингит, ларингит және тонзиллит кезінде, сондай-ақ тісті жұлғанға дейін және одан кейін тамақтағы, ауыз қуысы мен қызыл иектегі тітіркенулерді қабынуға қарсы, ауыруды басатын және антисептикалық емдеу үшін ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге бір реттік доза үшін бүркігіш басы бір-екі рет басылуы тиіс. Емшараны әрбір 2 сағат сайын, күніне 3-5 рет қайталауға болады.
Егде жастағы пациенттерге ұсынылатын дозасы ересек пациенттерге арналған дозамен бірдей.  
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға бір реттік дозаны қолдану үшін бүркігіш басы бір рет басылуы тиіс. Емшараны әрбір 2 сағат сайын күніне 3-5 рет қайталауға болады.
6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды  

Ұсынылған дозадан асырмау керек. Септолете® тотал, жергілікті қолдануға арналған спрейін 7 күн бойы пайдалануға болады. Спрейді пайдаланғанда балалар ересектердің қадағалауында болуы тиіс.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді заттарға немесе кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық
  • 6 жасқа дейінгі балалар

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Септолете® тотал
Krka, d. d.

Барлық құқықтар қорғалған. Krka, tovarna zdravil, d. d., Novo mesto