РУС ҚАЗ
Сенің тамағың – сенің күшің

Септолете® тотал лимон және бал

Септолете® тотал лимон и мед

белсенді заттар: 3 мг бензидамин гидрохлориді, 1,05 мг цетилпиридиний хлориді моногидраты (1 мг цетилпиридиний хлоридіне баламалы)

Бензидамин гидрохлориді қабынуға қарсы және ауыруды басатын қасиеттері бар химиялық құрылымы стероидты емес молекуланы білдіреді. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезін тежеумен, сол арқылы жергілікті қабыну белгілерін төмендетумен (ауыру, қызару, ісіну, күйдіру сияқты) байланысты. Бензидамин гидрохлориді, сондай-ақ орташа жергілікті анестетикалық әсерге ие.

Бензидамин негізінен ауыз-жұтқыншақ ауруларын емдегенде қолданылады. Цетилпиридиний хлориді - аммонийдің төрттік қосылысы тобының антисептигі, микробтарға қарсы, зеңдерге қарсы және вирулицидті әсер етеді.

Цетилпиридиний хлориді грамоң бактерияларға қатысты белсенді және грамтеріс бактерияларға қатысты белсенділігі аз, демек антисептикалық және бактерицидтік әсер білдіреді.

Қолданылуы

Ересектерге тамақтағы, ауыз қуысы мен қызыл иектегі тітіркену кезінде, гингивит, фарингит, ларингит және тонзиллит кезінде, тісті жұлғанға дейін және одан кейін қабынуға қарсы, ауыруды басатын және антисептикалық дәрі ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұзкәмпитті әрбір 3 - 6 сағат сайын ауызда баяу сору керек.

Ересектерге ұсынылатын доза күніне Септолете® тотал лимон және бал 3 - 4 мұзкәмпитін құрайды.
Егде жастағы пациенттерге ұсынылатын дозасы ересек пациенттерге арналған дозамен бірдей.
12 жастан асқан балаларға ұсынылатын доза күніне 3-4 мұзкәмпитті құрайды.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза күніне 3 мұзкәмпитті құрайды.
6 жасқа дейінгі балаларға Септолете® тотал лимон және бал мұзкәмпиттерін 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Ұтымды әсеріне қол жеткізу үшін препаратты тікелей тісті тазалағанға дейін немесе одан кейін қабылдамаған дұрыс. Ұсынылған дозадан асырмау керек.
Септолете® тотал лимон және бал мұзкәмпиттерін 7 күн бойы қолдануға болады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді заттарға немесе кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық
  • 6 жасқа дейінгі балаларға бұл дәрілік түрі ұсынылмайды
  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (құрамында изомальт (М типті), Е953 болғандықтан)

Жүктілік және лактация кезеңі

Бензидамин гидрохлориді мен цетилпиридиний хлоридін жүктілік кезеңінде қолданудың қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ немесе шектеулі. Септолете® тотал лимон және бал мұзкәмпиттерін жүктілік кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Бензидамин гидрохлориді мен оның метаболиттерінің ана сүтіне енетін/енбейтіні белгісіз. Жаңа туған нәрестелер/сәбилерге қаупін жоққа шығаруға болмайды. Бала үшін емшекпен қоректендірудің пайдасы және ана үшін емдеудің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе Септолете® тотал лимон және бал препаратымен емдеуден бас тарту/тартына тұру жөнінде шешім қабылдау қажет.

Өзін-өзі емдеумен айналысу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін
Қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз!

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Септолете® тотал
Krka, d. d.

Барлық құқықтар қорғалған. Krka, tovarna zdravil, d. d., Novo mesto