РУС ҚАЗ
Сенің тамағың – сенің күшің

Септолете® Лимон – соруға арналған таблеткалар

 

Септолете® Лимон  –  соруға арналған таблеткалар

белсенді зат – 1,26 мг цетилпиридиний хлоридінің моногидраты

Септолете® грамоң және грамтеріс бактерияларға бактерицидті әсер етеді. Ол сондай-ақ кейбір липофильді вирустар мен зеңдерге қатысты да тиімді. Септолете® өзінің жақсы дымқылдау қасиетіне және беткейлік керу деңгейінің төмендігіне байланысты шырышты қабаттың қатпарларына және қалталарына өтеді де, онда микроорганизмдерді тежейді және жояды.

Қолданылуы

  • фарингитте, ларингитте, катаральді баспада (жергілікті қолдану үшін)
  • стоматитте, гингивитте
  • тамақтың ауыруы мен құрғауы, дауыстың қарлығуы сияқты суық тию және тұмау симптомдарында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға күніне 8 таблеткаға дейін Таблеткаларды әр 2-3 сағат сайын қабылдайды.
10-нан 12 жасқа дейінгі балалар күніне 6 таблеткаға дейін Таблеткаларды әр 3-4 сағат сайын қабылдайды.
6-дан 10 жасқа дейінгі балаларға күніне 4 таблеткаға дейін Таблеткаларды әр 3-4 сағат сайын қабылдайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

    • препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық
    • 6 жасқа дейінгі балалар

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Септолете® тотал
Krka, d. d.

Барлық құқықтар қорғалған. Krka, tovarna zdravil, d. d., Novo mesto