РУС ҚАЗ
Сенің тамағың – сенің күшің

Құқықтық ақпарат

Соңғы жаңарту: 2018 жылдың шілдесі

Мазмұны
I. Сайтты пайдалану шарттары
1.1. Жалпы шарттар
1.2. Сайттың мазмұны, Сайтқа және оның бөліктеріне қол жеткізу
1.3. КРКА жауапкершілігін шектеу
1.4. Зияткерлік меншік объектілеріне КРКА құқықтары
1.5. Пайдаланушылардың рұқсат етілмеген әрекеттеріні тыйым
II. Хұкім

I. Сайтты пайдалану шарттары

1.1. Жалпы шарттар

Бұл сайт «KРKA, фармацевтикалық зауыт, д.д., Ново Место», Словения (KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto, Slovenia), бұдан әрі - «КРКА д.д. АҚ» Акционерлік қоғамына тиесілі. Қазақстан Республикасының аумағында KРKA компаниялар тобына (бұдан әрі - «КРКА») "КРКА Қазақстан" ЖШС дистрибьюторы кіреді. КРКА Интернетте осы сайттың (бұдан әрі - Сайт) мазмұнын басқарады, бақылайды және жаңартады. Бұл сайт сізге КРКА туралы жалпы ақпарат, оның өнімдері туралы және басқа да ақпарат беру үшін жасалған.

Осы Сайттың кез-келген бетіне қараған кезде, сіз төменде келтірілген барлық шектеулермен және шарттарым келісесіз. Егер сіз осы шарттармен келіспесеңіз, Сізді осы сайтпен пайдаланбауыңызды сұраймыз.

КРКА кез-келген уақытта және нақты негіздерге қарамастан осы бөлімнің («Құқықтық ақпарат») мазмұнына өзгерістер енгізуге құқығын өзіне қалдырады.

1.2. Сайттың мазмұны, Сайтқа және оның бөліктеріне қол жеткізу

Осы Сайтта қол жетімді барлық ақпарат пен деректер тек ақпараттық мақсаттар үшін арналған. Осы Сайтта ұсынылған КРКА туралы, және оның өнімдері мен қызметі туралы ақпарат өнімдердің, жұмыстардың, қызметтердің қандай да бір ресми ұсынымын білдірмейді. Атап айтқанда, осы Сайтта ұсынылған өнімдер туралы ақпарат - тек қана КРКА-ның өнімнің жалпы ассортименті туралы жалпы ақпарат болып табылады. КРКА, Сайтта ұсынылған ақпарат коммерциялық ұсыныс ретінде, көпшілік оферта немесе оферта жасасуға шақыру ретінде, акцияларға немесе КРКА-ның акцияларына немесе басқа да бағалы қағаздарына және сол сияқтыларына инвестициялау туралы ұсыныс ретінде қарастыруға болмайтындығына ерекше көңіл аударады.

Сайтта ұсынылған өнімдерге қатысты ақпарат тек таныстыру мақсаттары үшін ғана ұсынылады. Ол медициналық немесе денсаулық сақтау бойынша консультациясы ретінде қаралмауы керек, сондай-ақ диагноз қою, аурудың пайда болу себептерін анықтау және денсаулыққа қатысты басқа да мәселелерді шешу немесе жеке адамның денсаулығына қатысты мәселелерді шешу үшін пайдаланылмауы тиіс. КРКА компаниясының медициналық қолдану мақсаттағы кез-келген дәрілік препаратты қолданар алдында Сізге медициналық маманнан кеңес алу қажет, сондай-ақ осындай дәрілік препараттың қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысуыңыз қажет. Сізге тиісті маманнан кеңес алуыңыз керек, сондай-ақ осындай өнімді қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысуыңыз қажет.

Біз Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерін және балалар құқықтарын қорғау үшін қабылданған халықаралық құқық актілерін қатаң сақтаймыз. Осы Сайтта ұсынылған ақпараттың елеулі бөлігі 18 жастан асқан адамдарға арналған, мұндай ақпаратты кәмелетке толмағандар арасында тарату, шектелуі мүмкін. Балаларда пайдалану үшін арналған дәрілік препарат туралы ақпаратты сұрайтын кез-келген жеке тұлға 18 жасқа жетуі тиіс.

КРКА өз қалауы бойынша егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеген жағдайда, кез-келген уақытта және кез келген тәсілмен және осындай әрекеттердің себептеріне қарамастан осы Сайттың мазмұнын алдын ала ескертусіз өзгертуге, сондай-ақ Сайтта ақпараттың орналасқан жері мен орналастыру тәртібі мен нысанын өзгертуге, соның ішінде ақпаратты өзгертуге немесе жоюға, соның ішінде Сайтта пайдаланушылар мен басқа үшінші тараптар орналастырылған кез келген ақпаратты өзгертуге және жоюға, Сайтқа және оның жеке бөлімдері мен материалдарына қол жеткізуді ұсынуға, шектеуге немесе тыйым салуға, Сайттың жекелеген бөліктеріне (бөлімдеріне) пайдаланушылардың қол жеткізуін тіркеу қажеттілігімен немесе өзге де шарттарды орындаумен (іс-қимылдарды) шарттау құқығын өзіне қалдырады.

1.3. КРКА жауапкершілігін шектеу

KРKA осындай беттерде орналастырылған деректердің дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін өз Сайттарын адал және мұқият жасауға міндеттенеді. Дегенмен, әртүрлі себептер бойынша, осы Сайтта орналастырылған ақпараттың техникалық дәлсіздіктері немесе қателіктері болуы мүмкін.

Осы Сайтты құруға, қолдауға, қызмет көрсетуге қатысқан КРКА, сондай-ақ басқа да заңды немесе жеке тұлғалар бұл Сайтта орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу, пайдалану немесе пайдалануы мүмкін болмаған нəтижесінде туындауы мүмкін кез келген зақымға қатысты немесе олардың мазмұнындағы кемшіліктер мен қателіктерге қатысты жауапкершілік пен міндеттемелерден тікелей бас тартады.

Кез-келген құқық бұзушылықтың немесе азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің салдарынан туындауы мүмкін немесе пайдаланудың, пайдаланудың мүмкін еместігіне немесе Сайтты пайдалану нәтижелеріне байланысты, сондай-ақ осы Сайтқа сілтемелер арқылы байланысқан сайттардан немесе басқа да жағдайларға байланысты себептеріне қарамастан коммерциялық қызметті тоқтата тұру салдарынан туындайтын шығындар үшін, Сіз немесе үшінші тұлғалардың келтірген залалдары үшін, қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, нақты шығын, жіберілген пайданы, айыппұл санкциялары немесе іскерлік беделіне зиян үшін, Сайтты пайдалану немесе қарау немесе Сайттан немесе басқа да байланысты сайт сілтемелері арқылы кез келген материалдарды жүктеу нәтижесінде жеке компьютеріңізге / жабдыққа / бағдарламалық жасақтамаға / деректерге немесе басқа да мүліктерге зиян келтіруі мүмкін вирустардан болған шығындармен қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, осы Сайтты құруға, қолдауға, қызмет көрсетуге қатысқан КРКА, басқа да заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ КРКА компаниялар тобына жататын кез келген компаниялар, олардың лауазымды тұлғалары, директорлары, қызметкерлері, акционерлері және / немесе тікелей немесе жанама түрде байланысты тұлғалары ешқандай залал үшін жауапкершілік көтермейді.

Аталмыш тұлғалар Сіздің сайтқа кіргеніңіз, Сайтты және ақпаратты пайдалануыңыз, сізден ақпаратты жүктеп алуыңыздың салдарынан сіздің компьютерлік жабдыққа немесе басқа да мүліктерге келтірілген зиян үшін, сондай-ақ олардың вирустарын жұқтыруына қатысты жауапкершілікке тартылмайды және жоғарыда аталғандарға міндеттемелерді көтермейді.

Осы Сайттың барлық пайдаланушылары осы Сайтқа қол жеткізуін жүзеге асыруын, сондай-ақ онда орналастырылған ақпараттын, бағдарламалардың, файлдардың пайдалануын адал және өз жауапкершілігімен жүзеге асырады.

Бұл сайт Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалармен пайдалануға бағдарланған. Осы Сайтта орналастырылған ақпарат Қазақстан Республикасының аумағынан тыс пайдаланушылар үшін жарамсыз немесе өзекті емес болуы мүмкін..

KРKA осы Сайтқа немесе оның бөлек бөліктеріне (бөлімдеріне) қол жеткізуін, Сайттың жұмыс қабілеттілігі, тұтастай алғанда Сайттың және оның бөліктерінің (бөлімдерінің) сапасы мен жылдамдығына жауап бермейді..

КРКА Сізге Сайтта олар туралы ақпаратты қамтитын өнімдердің қолжетімсіздігі үшін жауап бермейді (Сізге сатып алу мүмкін еместігі үшін).

КРКА Сайтқа қатысты кез-келген қызметті ұсынуға немесе ұсынуға бағытталған кез-келген шарттарды, кепілдіктерді, мәлімдемелерді және басқа ережелерді қоспайды. Сайтты пайдалану, онда орналастырылған ақпараттың қабылдануы өзіңіздің тәуекеліңізге жүзеге асырылатынына сөзсіз келісесіз және КРКА Сайт сіздің талаптарыңызға сәйкес келетініне сондай-ақ Сайттың қызметі үздіксіз, қауіпсіз және қатесіз болатынына кепілдік бермейді. КРКА Сайт мазмұнының сапасы үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді және жауап бермейді.

1.4. Зияткерлік меншік объектілеріне КРКА құқықтары

Осы Сайттың мазмұнын құрайтын барлық ақпарат, мәтіндер, бейне-, фото-, басқа суреттер, бейнелеу өнерінің туындылары, музыкалық, дыбыс-бейне және басқа да шығармалары, ЭЕМ бағдарламалары мен деректер базалары заңмен белгіленген тәртіпте орналастырылған, авторлық және сабақтас құқықтар субъектісі болып табылады және зияткерлік меншік объектілерімен теңдей қорғалады. Осы Сайтта жарияланған құжаттар тек жеке пайдалануға және өзге де коммерциялық емес мақсаттарда ойнатылуы мүмкін, және авторлық құқық немесе сабақтас құқықтарды қорғауға қатысты жоғарыда аталған барлық ескертулер сақталуы тиіс. Осы Сайтта қамтылған ақпарат КРКА-ның алдын ала жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатта көшіру, көрсету, өзгерту, көбейту немесе басқаша таратуға рұқсат етілмейді.

Осы Сайтта орналастырылған сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері, коммерциялық белгілер, пайдалы модельдердің бейнелерінің сауда атаулары, зияткерлік меншік туралы заңнамасында белгіленген КРКА-ның барлық құқықтарына ие КРКА-ның тауарлары, жұмыстары мен қызметтерін дербестендірудің тіркелген құралдары болып табылады

1.5. Пайдаланушылардың рұқсат етілмеген әрекеттеріне тыйым

Басқа жағдайларда КРКА тарапынан анық айтылған жағдайларды қоспағанда, қандай да болмасын мақсатпен КРКА ақпараттық жүйесіне кез келген рұқсатсыз қол жетізу немесе рұқсатсыз қол жеткізудің әрекеті тыйым салынады (яғни, КРКА деректер базасында қамтылған ақпараттың жиынтығы және оны өңдеуге арналған ақпараттық технологиялар және техникалық құралдар). Сіз «экрандағы мазмұнды оқып шығу», қадағалау, «ақпаратты іздеу», немесе Сайттың веб-беттерін немесе онда қамтылған мазмұнды көшіру үшін KРKA тарапынан анық білдірілген жазбаша рұқсатынсыз, роботтарды, іздеу агенттерін, басқа автоматтандырылған немесе қолмен жасалған процестерді немесе құрылғыларды пайдаланбауға тырысатынына келісесіз. Ешқандай жағдайда Сіз Сайттың пайдаланушыларына спам жіберуге құқылы емессіз. Сіз Сайттың дұрыс жұмысына кедергі жасау немесе оған кедергі жасау үшін әрекет етуге қандай да бір құрылғыларды, бағдарламалық жасақтаманы немесе процедураларды пайдаланбауға келісесіз. Сайтты және басқа да КРКА инфрақұрылымдарының негізсіз немесе пропорционал емес жүктеуі туындауына әкелуі мүмкін ешқандай шара қолданбайтыныңызға келісесіз.

Сіз КРКА-ның және оның аффилиирленген тұлғаларының Сайтты пайдалану шарттарының бұзылуына байланысты қандай да бір жауапкершіліктен немесе залалдан қорғауды қамтамасыз етуге келісесіз..

II. Хұкім және басқа да ережелер

Сайтты пайдаланудың осы Ережелері және Сайттың осы парағында жарияланған басқа да құқықтық ақпараттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған және түсінік берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген соттылық пен ведомстволық бағыныстылық ережелеріне сәйкес Сіздің осы Сайтты пайдалануыңыз осы Сайтты пайдалануға байланысты кез-келген талап қою үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан соттардың юрисдикциясын қабылдағаныңызды білдіреді.

Егер «Құқықтық ақпарат» бөлімінің қандай да бір ережелері заңсыз, жарамсыз болса немесе заңды күшін жоғалтса, бұл ереже қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес ажыратылуға жатады және түсіндіріледі. Бұл ереже қалған ережелердің жарамдылығы мен заңды күшіне әсер етпейді. «Құқықтық ақпарат» бөлімінің жоғарыда аталған шарттарының бұзылғанына байланысты КРКА компаниясының әрекетсіздігі компания мұндай құқық бұзушылыққа немесе кез келген кейінгі бұзушылықтарға қатысты өз құқықтарын сақтамағаны және КРКА -ны осындай құқықтармен шектемейді дегенді білдірмейді.

Krka, d. d.

Барлық құқықтар қорғалған. Krka, tovarna zdravil, d. d., Novo mesto